БҚО-да Жеңістің 80 жылдығына орай мәдени шара өтті
Жеңістің 80 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында өнер фестивалі өтті. «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты кеште әр ұжым өкілі соғыс жайлы шығармалардан көрініс қойып, патриоттық әндер шырқады. Мәнерлеп өлең оқып, зұлмат жылдардың жаңғырығын жеткізді. Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы сұрапыл соғыстағы аға буынның өшпес ерлігі мен ерен еңбегін дәріптеу туралы тапсырма берген еді. Осыған орай ауданда жұмыс тобы құрылып, жоспар әзірленді. «Жеңіс» саябағында мемориалдық ескерткіш орнатылады. Мерекелік концерттер мен соғыс ардагерлерін еске алу шаралары жалғасады.
Айдана Мұхамбетова, Казталов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:
Соғыс ардагерлерінің ұрпақтарымен кездесу, әр ауылдық округте мемориалдық ескерткіштерді тазарту, тыл еңбеккерлерінің аулаларын тазалап беру, қайырымдылық сияқты бірқатар шаралар өтуде.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58