Боксшылар салмақ өлшеу рәсіміне қатысты
Ертең Астанада көктемнің басты кәсіпқой кеші өтеді. «Qazaq Style» атымен танылған Жәнібек Әлімханұлы және француз боксшысы шаршы алаңда кездеседі. Отандық спортшы екі бірдей чемпиондық атағын қорғайды. Ал бүгін боксшылар салмақ өлшеу рәсіміне қатысты.
Қос боксшы орта салмақтағы белгіленген шектен, яғни 72,6 келіден аспады. Бокс кешінде жұдырықтасатын басқа да былғары қолғап шеберлері таразы үстіне тұрып, кейін көз түйістірді. Жекпе-жек Астана қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде ертең сағат 18:00-де өтеді. Шаршы алаңдағы сайысты «Qazaqstan және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Темірлан Нұржанұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24