Астана халықаралық қаржы орталығына словениялық компаниялар да қосылуы мүмкін
Астана халықаралық қаржы орталығына словениялық компаниялар да қосылуы мүмкін. Екі елдің ірі бизнес өкілдерімен өткен форумда Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсыныс жасады. Жиын барысында қай бағытта әріптестік орнатудың тиімді екені және кез келген бастамаға мемлекет тарапынан қолдау болатыны айтылды. Президент әсіресе ауыл шаруашылығы, фармацевтика, IT, ғылым, қаржы, мұнай-газ, транзит салаларына ерекше басымдық беруге болатынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде, Орталық Азия аймағында және Қытайда тұратын 1,5 миллиардтан астам тұтынушыға тікелей шығу мүмкіндігін ұсына алады. Ақтау және Құрық порттары Каспий теңізіндегі жүк тасымалында маңызды рөл атқарады. Аталған теңіз айлақтарынан жөнелтілетін жүк көлемі былтыр 4,5 миллион тоннаға жетті. Осы орайда сауда-саттықты жандандыру үшін Словенияның ең ірі Копер портымен серіктестікті тереңдетуді көздейміз.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыМәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы. Дулатбек Әбішпен сұхбат
12.03.2026, 18:18
Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы. Мейіржан Отыншиевпен сұхбат
12.03.2026, 18:15
Қазақстан қыздары Татарстандағы сұлулық байқауына қатысты
12.03.2026, 17:39
Жаңақорғанда тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кешен салынды
12.03.2026, 17:35
Ақтөбеде аутист балаларды қашықтан бақылауға болады
12.03.2026, 17:33
ЖИ жасау үшін 200-ден астам датасет қосылды
12.03.2026, 17:31
Абай облысында жұмыссыздық азайып келеді
12.03.2026, 17:29
Бельгиялықтар үнемдеуге қарсы тағы шерулетті
12.03.2026, 17:27