Астанада патриоттық әндер байқауы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада патриоттық әндер байқауы қорытындыланды

12.12.2017

Астанада 8-ші республикалық «Тәуелсіздік толғауы» және 14-ші «Елім менің» патриоттық әндер байқауы қорытындыланды. Композиторлар заман талабына сай драмалық және музыкалық шығармалар жазып шықты. Олар негізінен Алаш Орда қозғалысының 100 жылдығын жырларына арқау етті. Сондай-ақ, өнерпаздар «Алаш арыстары», «Ән сал, сарбаз», «Тәуелсіз елдің ұланы» аталымдары бойынша марапатталды. Сайыс отандық авторларды қолдауға бағытталған. Осылайша, театр репертуарларын көркемдік деңгейі жоғары мазмұнды жаңа туындылармен толықтыру жоспарланып отыр.

Балнұр Қыдырбек, «Қазақстан композиторлар қауымдастығы» ҚБ төрағасы:

- Аталған шығармалардың барлығы тақырыпты толайым қамтыған. Көркемдік жағынан да сапалы деп айтуға болады.

Қалибек Деріпсалдин, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі:

- Әнімнің аты - «Шексіз алғыс сіздерге». Бұл - жетім балаларға арналған ән. Сөзін жазған Қостанайдың ақыны, талантты ағамыз Тұрғын Досмағамбетов. Бұл менің бірінші қатысуым емес.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу