Астанада «Балет. Бекзада өнер бесігі» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Балет. Бекзада өнер бесігі» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті

21.11.2017

Елорданың кішкентай көрермендері «Балет. Бекзада өнер бесігі» атты деректі фильмді тамашалады. Бұл картина хореография Академиясында оқып жатқан  жас өрендердің өмірін негізге ала отырып,  балет әртісі мамандығының қыр-сырын баяндайды. Жаңа туынды Тараз қаласы және Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында түсірілген.

«Бас кейіпкерлер Әли, Тамила, Кәмила арқылы еліміздің әр өңірдегі талантты жастарға осы оқу орнының есігі әрдайым ашық екенін айтқымыз келді», -  дейді жоба авторы Динара Сәтжан.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу