Ағыбай батыр қолданған самаурын табылып, музейге өткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ағыбай батыр қолданған самаурын табылып, музейге өткізілді

18.10.2017

Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы тағы бір құнды жәдігермен толықты. Ағыбай батырдың жез самаурыны мұражайға тапсырылды. Алайда, оны ұрпақтары қолхатпен тек бір айға берген. Көрме біткен соң қайтадан алып кетпекші. Бұл құнды жәдігер шамамен бір ғасыр бұрын жасалған болуы мүмкін.

1937 жылға дейін Шұнақ-Тайатқан тауының маңындағы батырдың мазарында тұрыпты. Одан кейінгі 80 жыл бойы самаурынды Киікті ауылының тұрғыны Сүлеймен Мұхамедияұлы сақтап келген. Ақсақал Ағыбай батырдың немере інісі Дулат батырдың тікелей ұрпағы. Нақты осы самаурыннан Ағыбай батырдың шәй ішкенін оның жиені Айтжан Құрманәлі айтыпты.

Сүлеймен Мұхамедияұлы, Ағыбай батырдың ұрпағы:

- Айтжан Ағыбайдың туған жиені. Соның аузынан 1974 жылы Бидәулеттің үйінде айтылған сөз. Мен өз құлағыммен естігенмін. Ол кезде мен 23 жастамын. Дәлел осы.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу