Былтыр 600-ден астам алматылық оқушы халықаралық олимпиадаларда жүлдегер атанған. Әсіресе, робототехника бағытында тың серпіліс байқалады. Балалар IT саласы бойынша АҚШ-та үздік ондыққа кірді. Мегаполисте Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық робототехника сайысы өтіп жатыр. Жарысқа 6 елден келген 27 команда қатысады. Чемпионат суасты әлемін зерттеуге, теңіз жануарлары популяциясының төмендеуі сияқты экологиялық мәселелердің шешімін табуға арналған. Жеңіске жеткен команда елдегі танымал университеттің грантына ие болады және сәуірде Америкада өтетін әлемдік жарысқа жолдама алмақ.
Ернұр Медет
