Қостанайлық оқушы ММУ-дың грантын жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайлық оқушы ММУ-дың грантын жеңіп алды

06.05.2014
Қостанайлық оқушы ММУ-дың грантын жеңіп алды
Қостанайлық оқушы Роза Досжанова жуырда Ресейде өткен ғылыми жобалар жарысынан олжалы оралды. Экология тақырыбында еңбек жазған егінді елдің бойжеткені білімділер байқауында бас бәйгені қанжығалап қайтты.  
 
Қостанай облысындағы беделді оқу ордаларының бірі - «Озат» мектебінің оқушысы болашағын  ғылыммен тығыз байланыстырған.
 
«Экология тақырыбы ес білгелі бері қызықтырып келеді. Әсіресе, атмосфераның ластануы – жаһандық мәселе екендігі мәлім. Төрткүл дүниені толғандырған түйткілді шешуге аз да болса, үлесім тисін деп, ауа қабатының ластануы төңірегінде зерттеулер жасап, оны қорғап қалудың амалдарын ойлап таптым. Жарыста жұмысым жоғары бағаланып, байқаудың бас жүлдесін алдым»,-дейді жеңімпаз.
 
400-ден астам талапкер қатысқан тартыста топ жарған Розаға Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің гранты берілді.
 
Айдын ШӘЙКЕНОВ

Хабарламаларға жазылу