Ішкі істер министрі аруларды құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрі аруларды құттықтады

07.03.2018

Елімізде ішкі істер органдарында пагон таққан 12 мыңнан астам әйел жұмыс істейді. Ал, олардың 600-ден астамы басшылық лауазымда қызмет атқарады. Бүгін халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ішкі істер министрі бұрымды сақшылармен кездесіп, төл мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, жыл бойында қызметте ерекше көзге түскен қыз-келіншектерге арнайы марапат пен бағалы сыйлықтар таратылды. Жалпы, мереке қарсаңында ел бойынша 526 ведомствалық арнайы марапат өз иесін тапты. Мерекелік кездесу барысында «Полиция.kz» байқауында топ жарған Жанбота Қарибековаға да Қалмұхамбет Қасымовтың қолынан арнайы сыйлық бұйырды. 

Жанбота Қарибекова, әкімшілік полиция бөлімінің аға лейтенанты:

- Полиция әйел қызметкерлеріне көңіл бөлініп, үлкен мереке аталып өтіп, құттықтап жатқанына рахмет. Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу