Алматыда WorldSkills Kazakhstan аймақтық чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда WorldSkills Kazakhstan аймақтық чемпионаты басталды

16.04.2019

Бұл - маман даярлаудың инновациялық үлгісі мен озық тәжірибесін көрсететін білім сайысы.

Биыл байқау 39 мамандық бойынша өтіп жатыр. Былтырға қарағанда 13 мамандыққа артық. Өйткені соңғы уақытта сервистік кәсіп иелеріне сұраныс артып, жаңа жұмыс түрлері пайда болған. Сол себепті WorldSkills чемпионаты - бүкіл әлемде өткізілетін беделді шара. Бұған Қазақстан 2014 жылдан бері қатысып келеді. 5 жылда көптеген жастар жарыстарға қатысып, кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік алған. Тіпті, халықаралық додаларда топ жарған студенттер де бар.

Ләззат Жылқыбаева, қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Алматы қаласында 22 мемлекеттік, 59 жекеменшік колледж бар. Соның ішінде өз беттері бойынша ниет білдірген коллеждер бар. 20-дан астам алаңда 200-ден астам бала өздерінің бақтарын сынайтын болады.

Аманкелді СЕЙТХАН 

Хабарламаларға жазылу