Тәуелсіздік мерекесіне орай Елордадағы №2 өнер мектебі есеп беру концертін ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік мерекесіне орай Елордадағы №2 өнер мектебі есеп беру концертін ұйымдастырды

21.04.2016
Тәуелсіздік мерекесіне орай 	Елордадағы №2 өнер мектебі есеп беру концертін ұйымдастырды
Оқушылар сарайында өткен кеште «Айналайын» деп аталатын балалар хоры, «Назқоңыр» қобызшылар ансамблі, театр ұжымдары, көркем суретшілер, сондай-ақ қобыз, жетіген, сырнай, эстрадалық вокал, би сыныптарының шәкірттері өнерлерін ортаға салды.

Олар қалалық, республикалық, тіпті халықаралық додаларда топ жарған талантты өрендер. Шара барысында тұңғыш рет балардың құқығын қорғап, шығармашылығын дамытумен айналысатын «Асыл бала» қауымдастығының әнұраны шырқалды.

Айгерім АСҚАРҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу