Ресей Иреклі су қоймасынан Жайыққа екі есе мол су жібереді
Ертеңнен бастап Ресей Иреклі су қоймасынан жіберілетін су көлемін екі есеге арттырмақ. Бұл Батыс Қазақстан облысындағы Жайық суының деңгейіне, жалпы көктемгі су тасқынына қалай әсер етеді? Қазір өңірдегі меншікті тілшіміз Ардақ Мұратқызы бізбен тікелей байланысқа шығуға әзір тұр.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Иә, ертеңнен бастап көрші елдегі Иреклі су қоймасынан 108 текше/метр су жіберіле бастайды. Бұл қазіргі көлеммен салыстырғанда екі есе мол су келеді деген сөз. Қазір Жайыққа жоғарыдан 60 текше метр су ойысып жатыр. Бұл өткен жылғыдан 4 есе көп. Бірақ мамандар бұл қауіпті емес дейді. Өйткені былтырғыдай суды бірден мың текше метрлеп емес, су қоймасын осылай біртіндеп босатқан әлде қайда тиімді. Иреклі су қоймасы қазір 76 пайызға толып тұр. Ал мол су біздің өңірге тек бір айдан кейін ғана жетеді. Қазір Жайық өзенінің деңгейі Орал тұсында 159 см. Алты метрге жетсе ғана саяжайларға қауіп төнеді. Алдын ала болжам бойынша, Деркөл өзені тасуы мүмкін. Яғни Бәйтерек, Тасқала аудандарын су басу қаупі бар.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада үздік экомектептер марапатталды
31.03.2026, 10:20
Үкіметте елдің инновациялық әлеуетін дамыту мәселесі қаралады
31.03.2026, 10:17
Қызылорда облысында үш күнде жасөспірімдер арасында 300 құқықбұзушылық анықталды
31.03.2026, 10:14
WSJ: Трамп Таяу Шығыстағы соғысты аяқтауға ниетті
31.03.2026, 10:13
Ресейде бірнеше өңірде су тасып жатыр
31.03.2026, 10:10
Ақмола облысындағы Шағалалы ауылында көпірді су шайып кетті
31.03.2026, 10:08
ШҚО-да қою тұман сейілмей тұр
31.03.2026, 10:06
Атырауда нөсер жауыннан 10 мыңға жуық үй жарықсыз қалды
31.03.2026, 10:04