Қайрат Сатыбалды тұрған үй орталыққа айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Сатыбалды тұрған үй орталыққа айналды

10.02.2025

Мемлекет қаражатын жымқырып, сотталған Қайрат Сатыбалды тұрған үйдің медициналық-психологиялық орталыққа айналғанына 6 ай болды. Қазір бұл жерде ерекше балалар тәрбиеленіп жатыр. Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген зәулім үй бір гектар жерде орналасқан. Бұл аумақтың ішінде екі коттедж бен бассейн кешені бар. Үлкен қоршаумен қоршалған үйдің айналасы қалың ағаш. Қазір бұл үй ерекше балаларға арналған медициналық психологиялық-педагогикалық түзеу нысаны ретінде жұмыс істеп тұр. Былтыр бұл жерден 400-ге жуық бала мемлекеттік қызмет алды. Оларға педагог-психолог, логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог сынды мамандар қызмет көрсетуде.

Гүлмира Кемел, Астана қаласы әкімдігінің «№1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ басшысы:

Біздің қазіргі орталығымыз – 560 шаршы метр. Ал екінші ғимаратымыз – 467 шаршы метр. Осы екі орталығымыз бір жерде орналасқан. Жеріміздің көлемі – 1 га. Орталықты көбейту керек. Өйткені балалардың саны жыл санап өсіп келе жатыр. Қолымыздан келгенше психологиялық-психологиялық көмек көрсетуге тырысып жатырмыз. Осындай ғимараттар берілсе екен деп отырмыз.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу