Түркияның іргесінде 938 рет жер сілкінді
Эгей теңізінің Түркия мен Грекия шекарасындағы бөлігінде соңғы 10 күнде 938 рет жер дүмпуі тіркелген. Олардың көпшілігі 4 балдан аспайтын ұсақ тербелістер. Дегенмен кей дүмпулер Измир қаласында сезілген. Мамандар мұндай тербелістерден кейін жойқын жер сілкінісі болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұдан бөлек бұл жер қозғалысы осы маңайдағы жанартауларды да оятуы мүмкін. Себебі теңіздің бұл бөлігінде 20-дан аса сөнген жанартау бар. Олардың ең ірісі Санторини аралындағы жанартау оянып, атқылайтын болса, теңізде цунами болу қаупі жоғары. 1925 жылы дәл осындай жер дүмпулерінен соң бұл жерде жанартау атқылап, үлкен апат болған. Қазір сейсмологтар зілзала ошақтарын зерттеп, Түркияға қандай қауіп барын нақтылап жатыр.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26
Жол қозғалысы ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді
08.05.2026, 20:15
Балаларға арнайы көмек кабинеттері ашылады
08.05.2026, 20:15
Түркістанда 286 мың гектар аумақты шегіртке жайлаған
08.05.2026, 20:15
Бала қауіпсіздігі – басты міндет
08.05.2026, 20:14
Цифрландыру – ел дамуының көрсеткіші
08.05.2026, 20:12