Қостанайда интернет алаяқтарға алданған зейнеткер 21 млн теңгесінен айырылды. Бұл қаржының бір бөлігі қарт кісінің жеке жинағы, енді бір бөлігін ол алаяқтардың нұсқауымен банктерден несие рәсімдеп алған. «WhatsApp» желісімен алаяқтар зейнеткерге танысынының атынан хабарласып, оның есепшотынан террористік ұжымдарға қаржы аударылып жатқанын айтыпты. Мұның соңы қылмыстық жауапкершілікке соқтыратынын айтып бопсалаған. Арнайы операцияға қаржылай қолдау қажет деп зейнеткердің бар жиған-тергенін беруін талап еткен, онымен қоймай екі банктен несие алдырған. Бұл қаржының бәрін қолма-қол ақшаға айналдырған соң алаяқтарға оны зейнеткер курьер арқылы беріп жіберіпті. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Рашид Мадияров, облыстық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі:
Ақшаны алып кеткен адам анықталды. Ол Қостанай қаласының тұрғыны, такси жүргізушісі. Ол ақшаны апарып берген екінші адам іздестіріліп жатыр.
Дәуренбек Әбдібек
