Алданған елордалық тұрғын істі сотта дәлелдей алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алданған елордалық тұрғын істі сотта дәлелдей алмады

29.07.2022

Алаяқтарға алданып, шығынға батқан елордалық тұрғын істі сотта дәлелдей алмады. Белгісіз біреулер әйелге телефон арқылы байланысқа шығып, оның атына несие берілгенін хабарлаған. Бейтаныс адамдардың сөзіне ерген тұрғын банк қосымшасын жүктеп, нұсқауды орындаған. Соның салдарынан алаяқтар әйелдің атына 1 млн 750 мың теңгеге екі несие алып үлгерген. Аудандық сот несие шарттарын жарамсыз деп тапқанымен, Жоғарғы Сот бұл шешімнің күшін жойды. Жалпы елде түрлі қаржы ұйымдарының атын жамылған алаяқтар көбейіп кеткенін бұған дейін де айттық. Мысалы, 30 мыңнан аса тұрғынға 54 млрд теңге шығын келген еді. Ресми статистикаға үңілсек, биылдың өзінде интернет-алаяқтарға қатысты 10 мыңға жуық іс тіркелген. Жауапты органдар азаматтарға банк шоттары туралы дерек пен жеке мәліметті жария етпеуді ескертеді.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу