Өткен жылдың тамыз айында «цифрлық сәйкестендіру» пилоттық жобасы Астанада іске қосылған еді. Мақсаты –жалған медициналық қызметтерді анықтау. Бас қаладағы 168 емханаға веб-камералар орнатылды. Заңсыздықтар жойылды. 4 ай сынақтан өткен бұл жүйе енді барлық өңірде жүзеге аспақ. Жаңа жоба қалай жұмыс істейді? Тілшіміз біліп қайтты.
Өткен жылдың тамыз айында «цифрлық сәйкестендіру» пилоттық жобасы Астанада іске қосылған еді. Мақсаты –жалған медициналық қызметтерді анықтау. Бас қаладағы 168 емханаға веб-камералар орнатылды. Заңсыздықтар жойылды. 4 ай сынақтан өткен бұл жүйе енді барлық өңірде жүзеге аспақ. Жаңа жоба қалай жұмыс істейді? Тілшіміз біліп қайтты.
Барлық өңірдің емханаларына Face ID орнатылады
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
Ақмола облысының тұрғыны Ақкүміс Жұмахановаға жақында ғана «хирург дәрігердің қабылдауында болдыңыз» деген хабарлама келген. Бірақ ол «хирургқа бармағаныма 1 жылдан асты» деп отыр.
Ақкүміс Жұмаханова, Ақмола облысының тұрғыны:
Мен «Дамумед» қолданбасы үнемі қолданамын. Кей дәрігерлерге қаралмасақ та сонда приемда болдыңыз деп смс келеді. Және бұл бір ғана жағдай емес қой. Үнемі қайталанады.
Астанада бұл мәселе бір жолға қойылғанымен, өңірлерде Ақкүміс сияқты шағымданатындар көп.
Өйткені елде осындай 23 мың жалған дерек анықталған. Салдарынан бюджетке 208 млн теңге шығын келіпті. Осы олқылықты жою үшін елорданың 168 емханасына камералар орнатылды. Енді бейнебақылау жүйесі барлық аймаққа енгізілмек.
АСТАНА
Ақниет Балтанова, тілші:
«Цифрлық сәйкестендіру» жүйесі бойынша азаматтар 2 нұсқаны таңдай алады. Біріншісі, eGov mobile қосымшасы арқылы телефонға келген 6 таңбалы санды дәрігерге хабарлау керек. Я болмаса, Face ID яғни дәрігердің алдындағы веб-камераға қарап, қабылдауды растайсыз. 6 таңбалы код та, фотосурет те жүйеде сақталмай, бірден жойылады.
Осылайша мамандар жалған қабылдауларды жойып, азаматтың жеке дерегін толтыруға кететін уақытты үнемдемек. Ал оның тұрғындарға пайдасы тиіп жатыр ма?
Мен қазір, мінекей, приемға кеп отырмын. 15 минуттан, бәрі жақсы. Қабылдап жатыр.
Көп уақыт алмайды. Камераға қарайсың, бірнеше секундта сенің мәліметтерің шыға келеді.
Біз жастар түсініп аламыз ғой. Бірақ үлкендерге түсіндіру керек секілді.
Ыңғайлы барлығы, міне. Қолымызда ғой смартфон. Түсіреді да, телефонды ашады да өздері кодтарды жазып алады.
Десе де интернет титықтап, жүйенің жұмыс істемей қалатын кезі бар. Дәрігерлердің айтуынша, мұндайда әдеттегі дәстүрлі форматқа көшеді екен.
Алина Бөргекова, №1 Қалалық емханасы терапия бөлімінің меңгерушісі:
Егер интернет істемесе мысалы, цифрлық ақпараттық жүйе «Damumed» ол істемейді. Сондықтан біз қолмен жұмыс енгіземіз, қабылдаймыз пациенттерді. Сосын база істегенде кодпен қабылдаймыз оларды.
Сіз де жалған дерекке тап болсаңыз, «Қолдау 24/7» қосымшасына кіріп, шағымдануға құқылысыз. Заңсыздық анықталған жағдайда медицина қызметкеріне айыппұл салады. Ал өзге мемлекеттерде керсінше, қабылдауға жазылып, бармай қалғандарға айыппұл қарастырылған. Кесте: Мәселен, Германияда ол үшін 40€ төлеу міндет. Жағдай тағы қайталанса 100€-ға өседі. Ал, Америкада айыппұл көлемі 5 доллардан 20 долларға дейін.
Ақниет Балтанова