ШҚО-да 104 млрд теңгенің 11 жобасы жүзеге асып жатыр
Биыл Шығыс Қазақстан облысында құны 104 миллиард теңге болатын 11 инвестициялық жоба жүзеге асады. Тек өнеркәсіп саласында 4 жобаға инвесторлар 74 миллиард теңге салған. Енді түсті металлургия, жаңартылатын энергетика және туризм саласына қаржы тартуға басымдық беріледі. Мемлекет басшысы Жолдауда жүктеген міндеттерді орындаудың жоба-жоспарын бүгін Шығыс Қазақстан облысының активі де талқылады.
Өңірге инвестиция тартып, Президент жүктеген міндеттерді орындау үшін жобалау кеңсесі құрылды. Ол барлық қала мен аудандардың экономикалық өсу деңгейін үнемі саралап нығайтып отырады. Ол үшін 5 жылдық жоспар да бекітілді.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Жолдауда өңірлерге ерекше назар аударылды, өйткені реформалар тек елордада ғана емес, жергілікті жерлерде де іске асырылып жатыр. Алдымызда жеті негізгі міндет тұр. Олардың орындалуы еліміздің де, өңіріміздің де тұрақтылығы, бәсекеге қабілеттілігі және халықтың әл-ауқатына тікелей ықпал етеді.
Өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға да инвестиция бағытталады. Қазір өңірде шетелдік екі үлкен компания литий батареяларын шығаратын зауыт салуға келіскен. Оған қажетті шикізат қорын білу үшін барлау жұмысын жүргізіп жатыр.
Ансат Исатай, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы:
Болашақта мынау литиге байланысты литий батареяларын шығарамыз ба деген ойларымыз бар. Сондықтан сол жұмысты осы кезден бастап бағыттап дұрыстап қарастырумыз керек. Бірақ литийдің түрлі формалы бар. Сондықтан осы кезден бастап анықтауымыз керек.
Еліміз бойынша су қорының 40 пайызы шығыста. Бірақ сол ен байлық әлі дұрыс пайдаланылмай келеді. Сондықтан ескі каналдарды жөндеп, суды үнемдеуде жаңа технология қажет.
Мирзан Тілеуханұлы, Су шаруашылығының ардагері:
Оның бәрі ашық каналмен өтіп жатады. Олар жердің қойнауына кетіп қалады. Сол себептен жоғалту көп. Сол себепті оның бәріне құбыр бола ма, бетонмен қаптай ма, соңғы тұтынушыға жету керек. Соның бәрін сандық платформаға қойған өте жөн.
Туризм саласы да ерекше маңызға ие. Соңғы екі жылда шығысқа 1 миллионға жуық турист келген. Қазір Қатонқарағай мен Зайсанда шағын әуежай салынып жатыр. 2026 жылы қос әуежай пайдалануға берілген соң бұл сала жаңа серпінмен дамиды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
