Елордада XXV Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада XXV Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі басталды

17.10.2022

«Шабыт» фестивалі – өнер әлеміндегі дарынды жастар үшін үлкен сахнаға жол ашатын бірегей алаң. Аталған шараға биыл 200-ден астам өнерпаз қатысады. Оның ішінде Жапония, АҚШ, Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстан сынды шет елдерден үміткерлер тіркелген. Олар жеті номинация бойынша өнер көресетеді. Сондай-ақ, байқауда қатысушыларға төрелік ететін қазылар алқасы арнайы Латвия, Америка, Италия және Ресей елдерінен келген композиторлар мен кәсіби музыканттар. Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің көмегімен ұйымдастырылып жатқан бұл атаулы шараның басты мақсаты – жастардың кәсіби шеберлігін арттырып, Ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің озық дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту болып саналады.

Лоуэлл Либерман, композитор /АҚШ/:
Иә, бұл менің Қазақстанға алғашқы сапарым. Мені бұл атаулы шараға қазылық етуге шақырғандарыңызға рақмет. Мұндай байқаулардың саны қазіргі таңда аз. Сондықтан, бұл байқау жас өнерпаздар үшін керемет мүмкіндік болатынына сенемін. Мен сіздердің музыканттарыңызбен, жалпы мәденитеттеріңізбен танысып жатырмын.Алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға ниеттімін. Маған жақсы әсер қалдыруда.

Ақмаржан Қапизқызы

Хабарламаларға жазылу