Елордада Жәутіков олимпиадасы басталды
Елордада математика, физика және информатика бойынша 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды.
Шараға әлемнің 15 елінен 700-ге жуық оқушы мен 150 жетекші қатысып жатыр. Оның ішінде Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия елдерінің үздіктері бар. Ал халықаралық қазылар алқасы 5 бірдей елден сайланған. Оның төрағасы отандық ғалым Асқар Жұмаділдаев. Олимпиада екі турдан тұрады. Жеңімпаздар қаңтардың 17-сі күні анықталады.
Асқар Жұмаділдаев, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор:
Бұл - олимпиада. Бар болғаны өте қиын үш есеп беріледі. Ол әрі екі турға созылады. Бұл ҰБТ емес. Үш есептің біреуінің жартысын шығарсаңыз, ұтып кетуіңіз мүмкін. Сондықтан бұл жерде әр есептің деңгейі жоғары. Өйткені бұл ғылымға негізделген.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде 3 бірдей дрон зауыты салынады
17.11.2026, 20:26
Вице-Президент тіл нормаларын жетілдіру мәселесі бойынша кездесу өткізді
17.11.2026, 20:24
Жолдау – жаңа міндеттер
17.11.2026, 20:22
Азаматтық кодекстің жаңа нұсқасы заман талабына сай жазылуы керек
17.11.2026, 20:20
Қатерлі дертке қарсы күрес: Әлемдік тәжірибе
17.11.2026, 20:18
Астанада ережені бұзған жүргізуші жазаланды
17.11.2026, 20:17
Студент өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды
17.11.2026, 20:16
Екі айдан ұзақ емделуді қажет ететін аурулардың тізімі жаңартылды
17.11.2026, 20:16