Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады

09.01.2025

Былтыр 83,6 миллион тонна мұнай тасымалданды. Бұл былтырмен салыстырғанда 4 пайызға көп. Президент қабылдауында болған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы осылай деді. Асхат Хасеновтың мәліметінше, өткен жылы қара алтын және конденсат өндірісі 23,8 миллион тоннаға жеткен. Қазір құны 6,4 миллиард доллар болатын Қаламқас-теңіз жобасын жобалау басталды. Сондай-ақ, Торғай Палеозой, Қаратон Подсолевой, Қаражар және Тайсойған ұңғымаларында бұрғылау жұмыстары жүріп жатыр. Онда 800 миллион тонна мұнай қоры бар. Ал ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеңіл мұнай өнімдері өндірісін 370 мың тоннаға ұлғайту шаралары қабылданды. Бұдан бөлек, жылына 1 миллион 250 мың тонна полиэтилен өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды. Ал Маңғыстау облысында су тұшыту зауыты салынып жатыр. Бұл нысан Жаңаөзен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді. Президент - геологиялық барлау жүргізуге, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және мұнай-газ химиясын дамытуға қатысты жұмысты жүйелі жалғастыруды тапсырды.

Асхат Хасенов, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы:

Мемлекет басшысының қабылдауында болып, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 2024 жылдың қорытындылары және 2025 жылғы жоспарлары бойынша баяндадым. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 23 млн 800 мың тонна мұнай таптық. Бұдан басқа, барлау жұмыстары бойынша нақты тапсырмалардың орындалуын баяндадым. 


Хабарламаларға жазылу