Былтыр 83,6 млн тонна мұнай тасымалданды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 4 пайызға көп. Мемлекет басшысының қабылдауында болған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы осылай деді. Асхат Хасеновтің мәліметінше, өткен жылы қара алтын және конденсат өндірісі 23,8 млн тоннаға жеткен. Қазір құны 6,4 млрд доллар болатын Қаламқас-Теңіз жобасын жобалау басталды.
Сондай-ақ Торғай Палеозой, Қаратон Подсолевой, Қаражар және Тайсойған ұңғымаларында бұрғылау жұмыстары жүріп жатыр. Онда 800 млн тонна мұнай қоры бар. Ал ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеңіл мұнай өнімдері өндірісін 370 мың тоннаға ұлғайту шаралары қабылданды. Бұдан бөлек жылына 1 млн 250 мың тонна полиэтилен өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды.
Ал Маңғыстау облысында су тұшыту зауыты салынып жатыр. Бұл нысан Жаңаөзен қаласының тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз етеді.
Президент геологиялық барлау жүргізуге, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және мұнай-газ химиясын дамытуға қатысты жұмысты жүйелі жалғастыруды тапсырды.