Оңтүстік Кореяда президентті тұтқындау операциясы сәтсіз аяқталды
Бүгін Оңтүстік Корея тергеушілері биліктен кеткен президент Юн Сок Ёлді тұтқындауға әрекет жасады. Бірақ бұл операция сәтсіз аяқталды. Себебі мемлекет басшысын ұстауға оның күзетшілері бірнеше сағат бойы қарсылық көрсеткен. Сонымен қатар, операцияны тоқтатуға тергеушілердің өміріне төнген қауіп себеп болды.
Юн желтоқсанның басында елде әскери жағдай жариялауға әрекет жасады. Сол шешімі үшін оған парламент импичмент жариялап, желтоқсанның 14-де президентті лауазымынан босатты. Бірақ Юнды қызметінен нақты кетіру үшін импичментті Конституциялық сот мақұлдауы керек.
Оппозиция Юнды төңкеріс жасамақ болды деп айыптады. Президент болса, бұны жоққа шығарып, қарсыластарын үкімет жұмысын тұралатуға әрекеттенді деп кінәлап отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01