Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
Өңдеу өнеркәсібін жандандыру, отандық өндірісті дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу. Президент Жолдауында осы бағыттарға айрықша басымдық берілді. Осы орайда Семейде тазартылған өсімдік майын құю және қаптау цехы іске қосылды. Жаңа өндіріс тәулігіне 200 тоннаға дейін тазартылған күнбағыс майын шығарады. Жылдық қуаттылығы – 73 мың тонна. Кәсіпорын ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа да жұмыс істейді. Жалпы құны 8,4 миллиард теңге болатын жоба аясында 104 жаңа жұмыс орны ашылды. Цехта заманауи құрылғылар қойылған. Құты дайындау, құю, қаптау мен тасымалдау желілері толықтай автоматтандырылған.
Ирина Чибисова, цех басшысы:
Негізгі зауыттан рафинадталған май біздің цехқа келіп түседі. Автоматтандырылған желіде құтыны үрлеуден бастап, күнбағыс майын түрлі көлемдегі ыдыстарға құямыз. Өнім сапасы өте жоғары. Осы жерден сыртқы жапсырмалары басылып, жәшіктерге салынады. Сатуға жіберіп жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы