Басты Жаңалықтар «Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады

«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады

«Халықтық құрылыс» бағдарламасына бөлінген қаржы қатаң бақыланады. Президент әр тиынды жіті қадағалайтын мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Оның құрамына Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері кіреді. Сондай-ақ белсенділер, волонтерлер мен журналистерде игілікті істің іркіліссіз атқарылуы үшін ат салыспақ. Ал Құрылтай депутаттарының пікірінше, бұл шешім ауқымды жобалардың уақытылы жүзеге асуына серпін бермек.

Аббат Өрісбаев , ҚР Құрылтайының депутаты:

Өкінішке қарай, қаражат уақытында түспегесін, мердігерлерге, тиісті сатып алатын құрылыс материалдары алынбағаннан құрылыстың сапасы да, оның аяқталу мерзімі де созылатын еді. Сол кезде тәуекелдің бәрі пайда болады. Пайда болғаннан кейін халықтың сенімі де азаятын еді. Ал қазір керемет жобаларды осындай бақылауға алсақ ол өте нәтижелі болады.

Бөлісу