Басты Жаңалықтар Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді

Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді

Франция астанасы Парижде сенбіде өткен бейбіт шеруден кейін коменданттық сағат енгізілді. Шектеу қаланың Республика алаңы мен Шатле-Ле-Аль ауданындарында күшіне енген. Бұған дейін елдің өзге де ірі қалаларында кәмелетке толмағандарға коменданттық сағат енгізілген еді. Елдің ішкі істер министрлігі қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін мәлімдеді. Тәртіпті қадағалауға 70 мың әскери қызметкер тартылған. Францияда шерулер қыркүйектің соңында басталды. Алдымен оқушылар мектептегі мәселелерді шешуді талап етіп шықса, кейін акция жалпыұлттық сипат алып,  халық әлеуметтік теңсіздік, жанармай бағасы мен инфляцияның өсуіне наразылық танытты. 

Бөлісу