СҚО: Маралды мекендегі қорықшылардың еңбегі
Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданына осыдан бірнеше жыл бұрын әкелінген маралдың 20 лағы қазір үйір-үйір болып, ен орманды еркін жайлап жүр. «Крансый бор» жануарларды қорғау аймағында 5 қорықшы-инспектор еңбек етіп жүр. Табиғат жанашырлары жыл он екі ай бойы қарамағындағы 1200-ден астам марал, 460 қабан мен 1500 елікті бағады. Солардың бірі Руслан Құсайынов. Маралды мекендегі қорықшылардың еңбегі жайлы келесі бейнематериалда.
Руслан Құсайынов, қорықшы:
10 жылға жуық жұмыс істеп жүрмін. Осында әкем істеген менің, атам істеген. Көру қабілеті, есту қабілеттіліктері өте жақсы дамыған. Үркіп, шошып, нетсе, 1-2 күн жоламай қояды. Бұлар иіске жақсы сезеді. Киім ауыстырғанда, жем салатын шелек ауысқанда өздері сескеніп тұрады. Иіссу дегенді біз пайдаланбаймыз. Өзіміздің табиғи иіспен жүреміз.
Үйдің жанындағы үйірдің аталығы міне, осы біреу. Бұның өзі үлкендігін, жасын, мына мүйізінің тармағынан білеуге болады. Мынау міне, 8-9-ға келген марал. Осы жердегі үйірді басқаратын осы. Бөтендерді қоспайды мұнда. Өздерінің үйірлерін өздері ұстайды. Мына жерде бізде шөп салынады. Күн нағыз ысып, жылынған кезде төлдеуді бастайды. Жасылдай сыпырғыш жинаймыз, содан кейін шөпке кірісеміз.
31 мың гектар жеріміз бар. Соны айналып, қарап шығамыз. Браконьерлер болады. Осы ауылда тұрамын. Жұмыс істейтін жерім осыннан 5 шақырым жер. Ауылда 5 үй бар. Көбі мал ұстайды, мал ұстағасын осында тұрып жатырмыз.
Бір жаққа жол жүріп кетіеп қалған кезде осында асығып тұрасың, жайланып жатыр ма, жайланбай жатыр ма. Өзің күндегі жұмысың болғаннан кейін, өзің көзіңмен көріп, істегеннен кейін уайымдайсың.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04