Атырауда экологтар қоршаған ортаны қорғау жөнінде тренинг өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда экологтар қоршаған ортаны қорғау жөнінде тренинг өткізді

25.12.2024

Атырауда «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша дөңгелек үстел өтті. Қызметкерлерге арналған кезекті шараны Ғабдол Сланов атындағы кітапхана мамандары ұйымдастырды. «Экология - табиғат жүрегі» тақырыбында өткен кездесуде эколог мамандар қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде тренинг өткізді. Басты мақсат - қоғамды табиғатты аялауға және қоғамды жауапкершілікке баулуға бағыттау.

Мәнсия Есенаманова, Экология кафедрасының меңгерушісі:

Біздің экологияның өзінің ерекшеліктері бар. Ауа ластану көп болады. Енді әр адам ауаға ластаушы заттардың қандай көлемде шығып жатқанын, әсер тигізетінін, тигізбейтінін анықтау үшін бізде AirKz  деген қосымшаны жүктеп қарайтын мүмкіншілігіміз бар. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу