Қызылордада жаңа туған нәрестенің аяғы медициналық спиртке күйіп қалған
Петропавлда көзіне пышақ кіріп кеткен 3 жасар бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша науқастың жағдайы өте ауыр. Бас сүйегі жарылып, миына айтарлықтай зақым келген, көп қан жоғалтқан. Анасының сөзіне қарағанда, бала ас бөлмесінде құлаған сәтте көзіне пышақ кіріп кеткен. Полиция тексеріп жатыр.
Нұрлан Айманов, Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының директоры:
Белгісіз зат, темір зат па қандай зат білмеймін, көздің үстінен өтіп, мидың ортасына жеткендей деп ойлаймыз. Керекті барлық емдеу шаралар жүргізілді. Операцияға көрсеткіштер жоқ.
Ал Қызылордада жаңа туған нәрестенің аяғы медициналық спиртке күйіп қалған. Қазір осы жағдайға байланысты ішкі тексеріс басталды. Перзентхана қызметкерлері баланы анасынан жасырып, бірнеше күн көрсетпеген. Шала туған шақалақ жасанды тыныс алу аппаратында оқшау бөлмеде жатқан. Баланы көрсетуді талап еткен әйел бірден сәбиінің аяғы күйгенін байқаған.
Ләйла Хайдарова, Неонатология бөлімінің басшысы:
Баланың жағдайы ИВЛ аппараттан өздігінен демалуға шығарылды. Қазіргі жағдайы тұрақты баланың. Ол жерге консервативті ем жүргізіліп жатыр. Мазьдары жағылып, хирургпен көрілді. Консультация алынды.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04