Қостанай облысында жылу орталығындағы бу қазандықтары жөнделді
Премьер министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Рудный жылу электр орталығының жұмысымен танысты. Биыл мұнда 3 бу қазандығы жөнделді. Жаңғырту жұмыстарын кәсіпорын директоры баяндады.
Василий Новоселов, Рудный ЖЭО директоры:
Үш бу қазандығы ағымдағы жөндеуден және тағы біреу күрделі жөндеуден өтті. Қазір барлығы жұмыс істеп тұр. Турбиналардағы жөндеу де жоспарға сай жүріп жатыр. Ал бұрын істен шыққан нөмірі бірінші қазандықты біз қайта салып жатырмыз. Келер жылдың соңында пайдалануға беріледі. Дегенмен қазіргі қуатымыз қаланы жылумен қамтуға жетіп тұр.
Темір өндіретін зауыт салынады
Сондай-ақ Үкімет басшысы аймақта салынатын ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт жобасымен танысты. Кәсіпорын жылына 2 млн тонна өнім шығарады. 500 млрд теңге қаржы құйылып 1 100 жұмыс орын ашылады. Зауытты 2028 жылдың соңына дейін ашу жоспарланып отыр.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47