Солтүстік Қазақстанда екі ірі көпір апатты деп танылды
Солтүстік Қазақстан облысында апатты деп танылған екі ірі көпір тексеріліп жатыр. Олардың бірі Шал ақын ауданындағы Сергеев су қоймасының, екіншісі Петропавл қаласындағы гидро-тораптың үстінде орналасқан. Қос нысан да 4 жыл бұрын апатты деп танылды. Мамандар әсіресе, жүк көліктері өткелге айтарлықтай салмақ түсіріп, зақым келтіріп жатқанын айтады. Сондықтан қатынас шектеледі. Мәселен Сергеевка қаласындағы өткел арқылы күніне 300-ге жуық жүк көлігі жүреді. Нысан 55 жыл бұрын салынған. Тозығы жеткен плиталар жарылып кеткен. Жауапты мекеме өкілдері тексеріс нәтижесі келер жылы белгілі болады дейді.
Шұғайып Ибатуллин, «Қазсушар» РМК облыстық филиалының директоры:
Ол мостта 200-дей элемент бар. Соның барлығын тексеріп, бөлшектер ертең қайтадан пайдалануға жарай ма, жарамай ма,осы тексеруден кейін оған жобалық-сметалық құжаты жасалатын болады. Сонан соң қай жерде қалай, не істеу керек екені белгілі болады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04