Қазақстан жазушылар одағына 90 жыл
Мемлекет Жазушылар одағының жұмысына айрықша мән беріп, әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Еліміздегі ең ірі шығармашылық ұйымның 90 жылдық мерейтойында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деді.
Салтанатты жиында Президенттің құттықтауын жеткізіп, қазақ руханиятының қара шаңырағы жөніндегі ой-пікірімен бөлісті.
Жазира Оразқызы, тілші:
Қайырлы күн, Дархан! Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаламгерлерге деген ықыласы мен құрметі ерек. Ол мемлекеттің басшысы ғана емес, жазушының перзенті ретінде де төл әдебиетімізге бей-жай қарамайды. Осылай деген Мемлекеттік кеңесші барша қаламгер мен талғампаз оқырманды Жазушылар одағының 90 жылдығымен құттықтады. Президенттің пайымынша, ақын-жазушылар ұлтты ұйыстыру жолында қалтқысыз қызмет етіп келеді. Бүгінгі салтанатты жиында әлемнің түпкір-түпкірінен шетелдік зиялы қауым өкілдері бас қосты. Олардың қатарында «Түрксой» халықаралық ұйымы, Түркия, Әзербайжан, Қытай, Қырғыз республикасынан Жазушылар одағының басшылары бар. Салтанатты жиында Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов бірнеше ұсыныс айта кетті. Мәселен одақ жанынан арнайы сараптама комиссиясын құру, мемлекет қаржыландыратын көркем әдебиет баспасын ашу туралы бастама көтерілді.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47