Президент Жетісу облысында ашылған әлеуметтік нысандарды аралады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына сапары бүгін Қаратал ауданында жалғасты. Мемлекет басшысы алдымен Ескелді би ауылында биыл пайдалануға берілген мәдениет үйі ғимаратын аралап көрді. Нысанда кітапхана, әжелер мен домбырашылар ансамблі, би үйірмесі секілді ұжымдар орналасқан.
Сонымен қатар Президент осы ауылда жаңадан салынған спорт кешеніне барып, жастармен кездесті. Мемлекет тарапынан өскелең ұрпақтың алаңсыз білім алуына, спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасалатынын жеткізді.
Ермек Торғаев, Қаратал ауданы балалар мен жастар спорт мектебінің директоры:
Зал волейбол, баскетбол, шағын футбол және стритбол сынды спорт түрлеріне арналған. Екінші қабатында күрес залы бар. Бұл спорт кешені үлкендерге де жұмыс жасайды. Кешкі жетіге дейін біздің оқушыларымыз айналысады. Кешкі жетіден кейін ауылдың жастары да, үлкендері де келіп, спортпен шұғылдануға болады.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24