Ғалымдар технологиялық үрдістерге басымдық береді
Алдағы 5 жылда энергетика және машина жасау ісі қарқынды дамымақ. Сонымен қатар су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тиімді пайдалану тақырыбы өзекті болады. Ұлттық Ғылым Академиясында форсайт ізденістердің қорытынды форумында болашаққа болжам жасаған ғалымдар осылай деді. Мамандар жыл бойы талдап-талқылаған зерттеулерінің нәтижесін жариялады. Айтуларынша, елімізде пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу ісіне де көп көңіл бөлінеді. Сондай-ақ адамдар өмір және денсаулық ұғымын басты назарға алады. Ғалымдар келесi жылдан бастап Корея ғылыми-техникалық ақпарат институтымен бірлесіп арнайы жоба іске асыруды жоспарлап отыр.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:
Бізде де сол KISI сияқты өзіміздің жүйе болады. Сол жүйеміз интеграция болып қосылады Кореяға. Сөйтіп біздің ғалымдар, біздің өндіріс, үкімет әлемде қандай жаңалық болып жатыр, содан кейін қандай трендтер бар, қандай жаңа ғылымның бағыттары бар осының бәрін білетін боламыз.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47