Бокстан Азия чемпионаты аяқталды
Таиландта өткен Бокстан Азия чемпионаты аяқталды. 13 күнге созылған жарыста Қазақстан ерлер құрамасы 4 алтын, 5 күміс, 1 қола иеленді. Алтын медаль алған былғары қолғап шеберлерінің қатарында: Махмұд Сабырхан, Бекзад Нұрдәулетов, Сағындық Тоғамбай және Айбек Оралбай бар.
5 боксшымыз күміс медаль еншіледі. Ал 80 келі салмақта өнер көрсеткен Ерасыл Жақпеков құрама қоржынына жалғыз қоланы салып берді.
Айта кетейік, әйелдер арасында Қазақстан құрамасы 5 алтын, 5 қола еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орын алған болатын.
Махмұд Сабырхан, бокстан Азия чемпионы:
Үш рет кездескен едім, алдыңғы екі жекпе-жек оңай болатын, қарсыласым өскен. 3 раунд қуып жүріп жеңіске жеттім.
Тельжан Күдеров
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24