Алматыда «Жас десантшы» балалар орталығы ашылды
Алматыда балаларға арналған «Жас десантшы» орталығы ашылды.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған хабтың ашылуына Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қатысты.
Бұрын «Парашют дайындығы орталығына» қарасты ғимарат жарты жыл ішінде күрделі жөндеуден өткен. Кабинеттер заманауи құралдармен жабдықталған. Орталық басшысының сөзінше, білім базасы уақыттың көп бөлігін әскери қызметте өткізетін ата-аналарға үлкен қолдау болмақ. Енді мұндағы секцияларға десантшылардың мектеп жасындағы балалары тегін қатысады. Хабта әзірге ағылшын тілі, хореография, робототехника, мобилография сынды 8 үйірме бар.
Адалят Насырова, «Жас десантшы» балалар орталығының басшысы:
Алматы десантшыларының отбасыларында мектеп жасындағы 3000-нан астам бала бар. Олардың барлығы осы орталыққа жақын тұрады. Қазірдің өзінде үйірмелерге 150-ден астам бүлдіршін тіркелді. Алдағы уақытта дыбыс жазу студиясын, сондай-ақ, ағаш ұстаханасын іске қосуды жоспарлап отырмыз.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15