Елордада «Сан-Ремо жұлдыздары Астанада» атты концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Сан-Ремо жұлдыздары Астанада» атты концерті өтті

20.07.2017

Бас шаһардағы «Қазақстан» орталық концерт залында италиялық музыканың «Сан-Ремо жұлдыздары Астанада» атты концерті өтті. Концертке италиялық эстраданың аңызға айналған әншілері Тото Кутуньо, Робертино Лоретти, сондай-ақ «Ricchi e poveri» және «Hit Italy» топтары қатысты. Кеш барысында артистер 80-ші жылдардағы хит әндерді орындады.

Мәдени шара «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өтті. Сондай-ақ, Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орайластырылған. Осылайша, Астана тұрғындары мен қонақтары әлемге танымал әншілердің ең таңдаулы туындыларын тыңдап, бірге шырқады.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу