Астанада «Өнеріміз саған – Қазақстан» атты республикалық фестиваль өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Өнеріміз саған – Қазақстан» атты республикалық фестиваль өтті

23.08.2017

Астанада Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Мың келбет» атты этномәдени бірлестіктер концерті және «Өнеріміз саған – Қазақстан» атты Республикалық фестиваль өтті. Шараның басты мақсаты - қазақ халқының өнері мен мәдениетін Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдері арасында кеңінен насихаттау. Бүгінде елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдері ішінде қазақ тілін жетік білетіндермен қатар, қазақтың дәстүрлі өнерін шебер меңгергендердің де саны артып келеді. Түрлі сахналарда қазақша ән айтып, би билеп жүрген диаспора өкілдерін, оның ішінде кәсіби әртістерді де жиі көруге болады. Концертте халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары өнер көрсетіп, көрермен қауымның қошеметіне бөленді.

Хабарламаларға жазылу