Түркістан облысында көпке үлгі болған Нышанғали Рахман
Үздіктердің қатарында көпке үлгі болып жүр. Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының тумасы Нышанғали Рахман қолым жоқ деп қарап отырмай, екі аяқтың көмегімен сурет салып, жазу жазады. Зеректігімен жұртты тәнті еткен студент болашақта сәулет өнерін зерттеп, архитектор атануды армандайды.
Нышанғали Рахманға екі қолының жоқтығы еш кедергі емес. Барлық істі аяқпен жасауға машықтанған. Ұялы телефонды да аяқтағы саусақтарымен пайдалана береді. Тіпті ойын ойнап, жазу да қиынға соқпайды. Компьютердің құрылғыларын ауыстырып, сурет те салады.
Нышанғали Рахман, студент:
Негізінен анимация кейіпкерлерін, мультфильм кейіпкерлерін салғанды жақсы көремін. Өзіме ұнайды. Шаршаған кезде осы өзім қалаған, өзім ұнатқан суретті салсам, жаным демалып, рахат болып қалады. Өлең тыңдап отырып салып, ойланып, ешкім кедергі жасамайды.
Көпбалалы отбасыда тәрбиеленген Нышанғали 19 жаста. Кентаудағы арнаулы колледжің екінші курсында оқиды. Өзі сияқты тағдырлас қыз жігіттермен оператор мамандығын меңгеріп жүр. Болашақта архитектор болуды армандайды. Сәулет өнерінің қыр-сырын меңгеріп, келісті үйлердің сызбасын жасау жоспарында бар.
Нышанғали Рахман, студент:
Ән айтамын. Жарыстарға қатысамыз. Одан бөлек шашка, шахмат, үстел тенисін ойнаймын. Көптеген жарыстарға қатысамын ғой.
Әсем Ешмахан, студент:
Ол басқа да спорт түрлерімен айналысады. Мәселен бассейнде жүзеді. Футбол ойнайды және садақ ойыны кезінде ең үздік садақшы номинациясын ұтып алған болатын. Яғни аяғымен садақ атады. Сенбі, жексенбі күндері дискотека болады. Ол бізде диджей.
Ұстаздарының айтуынша, Нышанғали қоғамдық жұмыстарға да белсенді. Колледжде жүріп теннис шахмат, тоғызқұмалақ ойнағанда қарсылас шақ келтірмейді. Үздіктердің қатарында көпке үлгі болған жігіт «Адам жігерлі болса, үлкен белестерді бағындырады» дейді.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47