Дулат Исабековтың әңгімелер мен пьесалар жинағы ағылшын тіліне аударылды
Белгілі драматург еңбегінің Қазақстандағы тұсаукесеріне Төлен Әбдік, Мырзатай Жолдасбеков сынды жазушылар, ақындар мен журналистер, сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты. Дулат Исабековтың ағылшын тіліндегі шығармалар жинағы ұлыбританиялық театр сыншылары және мәдениет қайраткерлерінің қолдауымен жарық көрген.
Дегенмен, Британияда кітаптың ресми тұсаукесері әлі өткізілмепті. Ол жазушының 75 жыл мерейтойы аясында қазанның 2-де Лондонда жоспарланып отыр.
Айта кетейік, жазушының «Біз соғысты көрген жоқпыз», «Гаухар тас», «Өкпек жолаушы» атты еңбектері де мұның алдында ағылшын тіліне аударылған еді. Шығармаларды Ұлыбритания халқы ыстық ықыласпен қабылдады.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06