Бельгияда мұғалімдер ереуілге шықты
Бельгияда мұғалімдер ереуілге шықты. Ұстаздар қауымы жұмысқа шықпағандықтан бірқатар мектеп пен жоғарғы оқу орындарында сабақ болмады. Брюссель мен елдің Валлония аймағының ұстаздары оқу ордаларының алдына, министрлік жанына жиналып, наразылық акциясын өткізді. Олар білім министрлігінің жаңа реформасына және бюджетті қысқартуға қарсы. Ереуілшілер биліктен мұғалімдерге әкімшілік жүктемені азайтып, олардың біліктілігін бағалаудағы бассыздықтарға жол бермеуді талап етті.
Элен Дюпон, математика пәнінің мұғалімі:
Менің мектепте істегеніме 30 жылдан асты. Соңғы жылдары сабақтан тыс қағазбастылық, жүктеме көп. Салдарынан білім сапасы төмендеп кетті.
Мадлен Пиере, кәсіподақ ұйымының жетекшісі:
Онсызда мұғалім жетіспейді, штатты көбейту керек. Ал үкімет керісінше, бюджетті тағы да қысқартпақ. Бізбен келіссөз жүргізбесе, жағдай қиындайды.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16