Балалар арасында «Цифрлық аутизм» диагнозы жиі қойыла бастаған
«Цифрлық немесе виртуалды аутизм». Мұның туабітті аутизмнен қандай айырмасы бар?
Планшет, смартфонға күні-түні жіпсіз байланудың нәтижесінде болатын өзгеріс. «Виртуалды аутизм» терминін алғаш рет 2018 жылы румын психологы Мариус Замфир қолданған.
Оның пайымынша, ата-ана бөбегін виртуалды әлемде 5 сағаттан артық қалдырса, басым бөлігінде психомоторлық даму кібіртіктеп, тілі кеш шығады және аутизмге ұқсас белгілер пайда болады.
Медицинаға байланысты тақырыпты түсінікті болу үшін қарабайыр баяндап жатамыз, алайда абай болу керек, білеміз. Дегенмен кәдімгі аутизм - бұл ми қызметінің, жүйке жүйесінің бұзылуы деп сипатталады. Ал цифрлық аутизм эмоциямен байланысты мәселе, дейді мамандар.
Біз кітап оқыған және оқитын ұрпақпыз. Біз далада асыр салып ойнап өскенбіз. Бір-бірімізбен емен-жарқын әңгімелесеміз, кей мәселені қызукеңірдек болып талқылаймыз. Қазіргі бала кітап оқу, қара терге түсіп ойнау дегенге онша жоқ. Табиғатпен байланыс жоққа тән. Санасын виртуалды әлем жаулап алған.
Дәлі – дүниетанымын виртуалды әлем қалыптастырып жатыр. Бірақ олар шынайы өмірден қаша алмайды. Ал өзімен өзі «басқа әлемге» еніп кетсе, шынайы өмірді қалай қабылдайды?
Біз екі иығыңды майыстырып жіберердей иінағашпен су тасығаннан немесе балтаны сілтеген сайын қолды тызылдатып жіберетін көк сексеуіл жарғаннан «жиған» күшімізді бөліп бере алмаймыз ғой - сонда оларда өмірді адекват қабылдайтын сана, тіршілікте қайтпас қайсар қылатын иммунитет қайдан болсын?
Раушан Сайлауқызының материалы.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04