Тұрар Рысқұлов туралы тың деректер жарияланды
Түркі халықтарының бірлігі үшін күрес жүргізген біртуар тұлға Тұрар Рысқұлов өткен ғасырдың алғашқы ширегінде Түркістан идеясын көтеріп, Түркі жұртының тұтастығына бар ғұмырын арнады. Оның тұлғалық болмысын айқындай түсетін еңбек жолы әлі де зерттелуі керек. Түркістанда өтіп жатқан «Тұрар және Түркістан идеясы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында ғалымдар мемлекет және қоғам қайраткері туралы тың деректерді баяндады.
Келелі басқосуға Түркия, Өзбекстан, Моңғолия елдерінен арнайы өкілдер мен еліміздің танымал ғалымдары, тарихшылар қатысып жатыр.
Дихан Қамзабекұлы, филиология ғылымдарының докторы, профессор:
Мемлекеттік деңгейдегі шараның Түркістаннан басталғаны өте маңызды. Өйткені бұл тұлғамыз Түркістанның бірлігі, Түркістанның жаңаруы, Түркістанның әлемдік деңгейдегі кез келген мемлекеттің сапасында қызмет ете алатынын дәлелдеген қайраткер. Тұрар Рысқұлов туралы немесе оның қатарластары туралы жаңа ой, жаңа фактілер шығып, сол біздің халқымызға, жұртшылыққа түсіндірілуі керек деп есептейміз.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Superstar Kz»: Кастинг 9 қалада өтеді
01.04.2026, 10:13
Бқо-да көкжөтел жұқтырған 7 жағдай тіркелді
01.04.2026, 10:12
Францияда 15-ке толмаған балаларға әлеуметтік желіні шектеу туралы заң қабылданады
01.04.2026, 10:08
АҚШ Иранға қарсы шабуылды екі-үш аптада тоқтататынын мәлімдеді
01.04.2026, 10:07
Антифрод жүйесінің арқасында 2,5 млрд теңге өз иесіне қайтарылып, 300 мың сим карта бұғатталды
01.04.2026, 10:05
Бүгіннен бастап көлік салығын төлемегендерге өсімпұл қосылады
01.04.2026, 10:05
Құпия ақпараттан тәртіпке дейін: Жаңа заң қабылданады
01.04.2026, 10:04
Қостанайда полицияны соққыға жыққан бұзақылар ұсталды
01.04.2026, 10:03