Облыс орталығынан көшеге аты беріліп, ескерткіш тақта орнатылды.
Қази Соңғыбайұлы поэзия, проза мен публицистиканы ұштастыра білді. «Бұл екінің бірінің қолынан келмейді. Не мықты ақын немесе мықты жазушы болар, бірақ, ақын, жазушы, журналист ретінде қалыптасқан, соңына өшпес мол мұра қалдырған ол ерекше азамат еді»,-деп еске алады оны замандастары. Ол қазақ балалар әдебиетінің салмағын да қомақты етті. Ал ақын Фариза Оңғарсыновамен, Хасен Оралтаймен шығармашылық байланысы прозадағы тінін күшейтті.
«Сағыныш екен бала кез», «Нартұлға», «Достарым менің достарым» атты әр кезеңде жарық көрген шығармалар жинақтарының әрқайсысы бір төбе. Қази Данабаев публицистика жанрында экономикалық тақырыпта жергілікті мұнайшылардың жағдайын, әлеуметтік салада мұғалімдердің мұқтажын, дәрігерлер дабылын, экологиялық дерт пен дауасын жетер жеріне жеткізе жазды. Республикалық газеттерге мақала жариялап, қоғамдық мәселелерге қозғау салды.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ