Тарихи-мәдени мұра саласындағы заңнаманы жетілдіру керек - А. Мұхамедиұлы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарихи-мәдени мұра саласындағы заңнаманы жетілдіру керек - А. Мұхамедиұлы

24.05.2017

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жаңа типтегі жаңғырудың бірінші шарты ретінде ұлттық мәдениет пен төл ұлттық кодын сақтауды айтып өтті. Демек, бүгінгі күннің талаптарына сай тарихи-мәдени мұра саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру керек. Бұл - мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жемісті жүзеге асырудың кепілі. Бүгін Мәдениет және спорт министрі Мұхамедиұлы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте осылай деді.

Ал, Мәжіліс пен Сенат депутаттары Елбасының қаулысымен 5-мамыр күні заңнамаға мәдениет мәселелері бойынша енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жайлы кеңінен баяндады. Мәселен, бұған дейін цирк өнері туралы еш заңнамада жазылмапты. Ал, осы толықтырулар барысында аталған өнер түрі заңнамалық тұрғыда бекітілді.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу