Атырауда республикалық театрлар фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда республикалық театрлар фестивалі басталды

22.05.2017

«Мәңгілік елдің алтын адамы». Осындай атаумен  Атырауда республикалық театрлар фестивалі басталды.  Өнер додасы белгілі ақын-драматург Иран Ғайыптың шығармашылығына арналған.  Халықаралық «Алаш» және Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлықтарының иегері Иран Ғайыптың жырлары  өзіндік қанық бояуымен ерекше. Ол тек ақын ғана емес, 50-ден астам  шығармасы сахналанған драматург.

80 жылдық тарихы бар жергілікті Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театры фестиваль шымылдығын «Сүйінбай»  спектаклімен   ашты. Мұрат Ахманов режиссерлік еткен туындыда қазақ-қырғыз арасындағы байланыс бейнеленген. Әртістердің шеберлігін бағалайтын қазылар алқасы да осал емес. 3 күнге созылатын фестиваль аясында  атыраулықтар  5 театрдың   өнерін тамашалайды. Олардың қатарында Қырғыз, Литва елдерінен келген сахна майталмандары да бар. 

Хабарламаларға жазылу