Әлемге әйгілі «Галактика сақшылары» фильмі қазақ тілінде көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемге әйгілі «Галактика сақшылары» фильмі қазақ тілінде көрсетілді

04.05.2017

Әлемге әйгілі «Галактика сақшылары» фильмінің екінші бөлімінің қазақ тіліндегі нұсқасын алматылықтар да тамашалады.

Фантастикалық жанрдағы шытырман оқиғаға толы киноның алғашқы бөлімінде кек алушылар жер ғаламшарын құтқарса, бұл жолы олар бүкіл ғаламды құтқарады. Айта кетейік, бұл - «Болашақ» қауымдастығының 2011 жылдан бері қазақ тілінде сөйлеткен 19-туындысы. Көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленген фильмді дубляждауға 35-тен астам қазақ актері қатысқан. Оларды британдық мамандар кастинг арқылы таңдаған.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу