«Hollywood Film Awards» жүлдесі табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Hollywood Film Awards» жүлдесі табысталды

17.11.2014
«Hollywood Film Awards» жүлдесі табысталды

АҚШ-та «Hollywood Film Awards» жүлдесін салтанатты табыстау рәсімі өтті. Бас жүлдені Дэвид Финчердің «Жоғалған жан» («GONE GIRL») триллері иеленді. Ал, режиссерлік аталым бойынша бас жүлдені Мортен Тильдум («Еліктеу ойыны» («The Imitation Game») жеңіп алды. Картинада басты рөлді сомдаған Бенедикт Камбербич «Үздік актер» атанды. Джулианна Мур «Әлі де Элис» («STILL ALICE») фильміндегі рөлі үшін «Үздік актриса» жүлденін иеленді.

«Жыл блокбастері» аталымында жүлдеге «Галактика сақшылары» фантастикалық фильмі ие болды. «Айдаһарды қалай қолға үйрету керек 2» («How to Train Your Dragon 2») анимациялық фильмдердің ішінен үздік деп танылды.

«Үздік комедия» аталымында «Ақыры танымал» («Top Five») картинасы жүлдеге лайық деп танылды. «Бәрінің теориясы» («The Theory of Everything») туындысындағы рөлі үшін Эдди Редмэйн және «Жұлдыздар кінәлі» («The Fault in our stars») картинасындағы рөлі үшін Шэйлин Вудли «Жыл жаңалығы» аталымында жүлдеге ие болды.

Хабарламаларға жазылу