Геннадий Головкин әлеуметтік парақшаларын қазақ тілінде жүргізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин әлеуметтік парақшаларын қазақ тілінде жүргізеді

17.09.2022

Әлемге танымал жерлесіміз, былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің қазақ тіліне деген құрметі ерекше. Ол әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ақпаратты міндетті түрде қазақ тілінде береді. Әйгілі боксшының аккаунтына 6 млн-нан астам адам тіркелген. Оның ішінде шетелдік жанкүйерлері де жетерлік. Сондай-ақ жерлесіміздің бас киімінде жазылған аты-жөні де ұлттық нақышта бейнеленген. Бұл жерлесіміздің тілге, Отанға деген сүйіспеншілігінің белгісі, деп бағалады желі қолданушылары.


Хабарламаларға жазылу