Қызылорда облысында кинологтар сынақтан өтті
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында төтенше жағдайлар қызметіндегі кинологтардың республикалық жиыны өтті. Жедел құтқару жасағының мамандары арнайы сынақ тапсырып, қызметтік иттердің іс-әрекеттері пысықталды. Қаратау бөктеріндегі жиынға министрліктің 29 кинологиялық есеп тобы келген. Құтқару қызметіндегі лабрадор, неміс және бельгиялық овчарка секілді басқа да иттердің алғашқы күні тіл алуы, шапшаңдылығы тексерілді. Сондай-ақ кинологтар табиғи ортада және қираған ғимараттарда іздестіру жұмыстарын жүргізуден сынақ тапсырды.
Дамир Гизатуллин, кинолог:
Түркиядағы жер сілкінісі кезінде дәл осы Рига есімді итіммен құтқару жұмыстарына қатыстық. Газиантеп қаласында бұл ит апат кезінде үйінді астында тірі қалған үш адамды тауып, оларды аман-есен алып шықтық. Бір отбасының мүшелері екен. Жалпы техногендік апат аймақтарында кинолог-құтқарушылардың қызметі өте маңызды. Сондықтан иттердің іздеу қабілетін шыңдап, соған үйретеміз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup: 2-тур ойындарының соңғы матчтары өтеді
23.06.2026, 20:31
Д.Сәтпаевтың трансферлік құны өсті
23.06.2026, 20:27
Қос елдің ортақ фильмі: Корея актерлары алматыға келді
23.06.2026, 20:26
Бүгін – Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
23.06.2026, 20:17
Бүгін - Мемлекеттік қызметшілер күні
23.06.2026, 20:11
«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті
23.06.2026, 20:10
Орта дәліздің стратегиялық әлеуеті талқыланды
23.06.2026, 20:05
Брюссельдегі келіссөздер: Ықпалдастықтың жаңа бағыты айқындалды
23.06.2026, 20:05